35673
Fabrication Laboratory
Сандық және креативті технологиялар зертханасы
Назарбаев Университеті Технологиялық паркі
Fablab деген не?
Fab Lab (Fabrication Laboratory) – бұл кез келген идеяны дайын өнімге айналдыруға мүмкіндік беретін сандық өндіріске арналған ең озық жабдықтары бар зертханалардың әлемдік желісі.

Astana Business Campus Fab Lab – бұл Астана қаласындағы алғашқы сандық өндіріс зертханасы. Біздің Fab Lab Назарбаев Университеті Технологиялық паркі базасында орналасқан. Сіз бұл жерде Өз жобаңыздың прототипін жасай аласыз, мүдделес адамдарды таба аласыз және 3D прототиптендіруге арналған ең озық жабдықпен жұмыс істеуді үйрене аласыз.

ЖАБДЫҚТЫ БРОНЬДАУ
Абонементті сатып ала отырып, сіз зертхананың мүмкіндіктерін пайдалана аласыз және DC Lab сайтында жабдықты броньдай аласыз.
3D Принтерлер
Ultimaker 2+ 3D Принтері
Ultimaker 2 + бұл жоғары сапалылыққа және басып шығару жылдамдығына ие 3D принтер.

Басып шығарудың ең жоғары ықтимал тұнықтығы 20 микронды құрайды.
БРОНЬДАУ
3D сканер
3D Systems Sense3D сканері
3D Systems Sense – тез, жеңіл, портативті және қолайлы, қол 3D- сканері.
БРОНЬДАУ
СББ бар үстел үстілік фрезер білдегі
Roland SRM-20
SRM-20 фрезер білдегі модель пластигі, ағаш, акрил және модель балауызы сияқты модельдеуге арналған материалдарды өңдей алады.
БРОНЬДАУ
Үстел үстілік кесетін плоттер
Roland CAMM-1 GX-24 үстел үстілік кесетін плоттер
Плоттер 50-ден 700 мм-ге дейінгі қалыңдықтағы кескіш және термотрансферлік қабықша, винил сияқты кең спектрлі материалдарды кесуге мүмкіндік беретін жетілдірілген күймешемен жабдықталған.
БРОНЬДАУ
Дәнекерлеу станциялары
Weller WHS 40 дәнекерлеу станциясы,
Lafayette SSD-3 дәнекерлеу станциясы
БРОНЬДАУ
ShopBot PRSalpha 96-60 порталды врезер білдегі
Білдек СББ-мен кесу, бұрғылау және өңдеудің ең озық технологияларын пайдаланады,
PRSalpha сериясының аспаптары тасымалдаудың үлкен жылдамдығын – минутына 1800 дюйм және кесу жылдамдығын минутына 600 дюймға дейін қамтамасыз етеді.

БРОНЬДАУ
Қол аспаптары
Makita аккумулятор бұрғысы;
Makita металл кесуге арналған арасы;
Makita бұрыш ажарлағыш машинасы;
Ыстық ауа тапаншасы;
Мультиаспап.
БРОНЬДАУ
Шығыс материалдары
Fab Lab материалдарын пайдалану үшін шығыс материалдарына арналған Абонементті сатып алыңыздар. Сатып алғаннан кейін Сіз жалпы құны шығыс материалдарына арналған Абонемент құнынан аспайтын материалдар ала аласыздар.
БРОНЬДАУ
FAB LAB-тың курстары мен шеберлік сыныптары
FAB LAB-тың шеберлік сыныптарына қалай қатысуға болады?
Төмендегі үлгіні толтырыңыз, біз Сізбен хабарласамыз. Растау
АБОНЕМЕНТТЕР
Резиденттер
aйына / 10 000 тг.
ABC Quick Start акселерациялық бағдарламасының қатысушыларына, Технологиялық парк резиденттеріне және НУ қызметкерлеріне арналған Fab Lab абонементі. Абонемент бір адамға /компания өкіліне
есептелген
САТЫП АЛУ
Тысқары пайдаланушылар
айына /12 000 тг.
Тысқары ұйымдар мен жеке тұлғаларға арналған Fab Lab абонементі. Абонемент бір адамға /компания өкіліне есептелген
САТЫП АЛУ
ЖОО студенттері
айына / 2500 тг.
Қазақстанның барлық ЖОО студенттеріне арналған Fab Lab абонементі. Абонементті сатып алғаннан кейін Astana Business Campus Fab Lab қызметкеріне студенттік билетіңізді көрсетуіңіз керек.
САТЫП АЛУ
Қонақтарға арналған
күніне/ 3 000 тг.
Зертханада бір күн жұмыс істеу үшін Сіз зертханаға кіруге бір күнге рұқсат беретін қонақтарға арналған абонементті сатып ала аласыз.
САТЫП АЛУ
FAB LAB-тың креативті қоғамдастығына қосылыңыз!
Асель Нугманова
Fab Lab сандық прототиптеу зертханасының жобалық әкімшісі

+7 7172 69 27 18
fablab@nu.edu.kz
https://fablab.businesscampus.kz/
Абонементтерді сатып алу, курстарды ұйымдастыру мен шеберлік сыныптарын өткізу мәселелері бойынша ойланбастан Асельге жүгініңіз!